Саясат

Қытай төрағасы Назарбаевқа жеделхат жолдады

© REUTERS / Greg Baker/PoolНұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин
Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай Елбасы атына шетелдік мемлекет және үкімет басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде - Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай Си Цзиньпин құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының ресми сайты.

Жеделхатта Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын атап өткен.

"Қытай мен Қазақстан достық байланыс орнатқан көрші әрі стратегиялық серіктес. Екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 27 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы қарқынды дамыды. Екі елдің саяси өзара сенімі артып, "Бір жол, бір белдеу" жобасы аясында тиімділігі жоғары әріптестік орнады", - деп жазылған жеделхатта. 

Сондай-ақ, Си Цзиньпин осы жылдың сәуір айында Назарбаев қатысқан "Бір жол, бір белдеу" халықаралық әріптестігіне байланысты өткен форумға тоқталған. Қытай төрағасы сапар қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Түркия президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

Ол Назарбаевтың ҚХР-ның "Достық" орденімен марапатталуы екі ел арасындағы байланыстың жоғары деңгейде екенін көрсететінін жазған.

Жаңалықтар
0