НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде - Sputnik. Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
"Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясы хатшысы қызметінен кетті. Бір жарым жыл ішінде ол партияның сайлауалды тұғырнамасы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына айтқарлықтай үлес қосты", - деді Бауыржан Байбек.
В связи с переходом на другую работу Тамара Дуйсенова покидает пост Секретаря партии «Nur Otan». За полтора года она внесла значительный вклад в реализацию предвыборной платформы партии и социальных инициатив, направленных на рост благосостояния граждан. pic.twitter.com/5ScVoz5vIf
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) July 9, 2019
Партия төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенованың атқарған жұмысы үшін партия басшылығы атынан алғыс білдіріп, жаңа қызметте де табысқа жетуін тіледі.
Тамара Дүйсенова 2018 жылдың ақпанынан бері партия хатшысы болып істеді. Оған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді.