Саясат

Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚазақ халқы, архивтегі сурет
Қазақ халқы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент отбасының отызыншы жылдардағы қайғылы тағдырын еске түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Cталин кезіндегі ұжымдастыру мен ашаршылық туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің айтуынша, ашаршылықта қаза болғандардың саны жағынан қазақ халқы ең көп зардап шекті. Сол кезде шамамен екі жарым миллион адам қайтыс болды. Демек, қазақтардың жартысынан көбі қырылды.

"Бүгінде осы тақырып қозғалады. Бірақ оны саясатқа айналдырмау қажет. Асыра сілтеудің де қажеті жоқ. Ашаршылықтың болғанына орыс халқының да қатысы жоқ. Осыны ерекше атап өткім келеді. Себебі ұжымдастыру кезінде қазақтардың қырылуына орыс халқының да, орыс билігінің де еш қатысы болған жоқ", - деді Тоқаев "Президент 2.0" фильмінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, әкесі Кемел Сталиннің кесірінен жетім болып қалса да, оның соғыс кезінде халықты жеңіске жеткізгені үшін риза еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Сталинге қатысты өзінің пікірін де айтты.

"Мен үшін Сталин – ірі тарихи тұлға. Бірақ кез келген тарихи тұлға ретінде Сталин өте қарама-қайшы адам болды. Жаппай репрессиялар Қазақстан жерінде де болды. Оны кешіруге болмайды. Сол кезде қазақ интеллигенциясының біразі сталиндік жүйе кесірінен түрмеде қаза болды. Бірақ екінші жағынан, Сталин  соғыс кезінде өз орнынан табыла білді. Кеңес одағын сындарлы уақытта басқарып, жеңіске жеткізді", - деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0