Саясат

Ресей Қазақстанның басты одақтасы болып қала береді - Назарбаев

© SputnikАрхивное фото флагов России и Казахстана
Архивное фото флагов России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастың өзара сенімге негізделгенін атап өтті

НазарНҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Назарбаев Бородавкинмен бірге екі жақты ынтымақтастық пен еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды тұңғыш президенттің ресми сайты.

Назарбаев мәлімдегендей, санкцияларға байланысты экономиканың әртүрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға ерекше мән берген жөн.

"Біз он мың бірлескен кәсіпорын құрдық. Ресей – Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі. Мен жұмыс істеген жылдар ішінде біз сіздің еліңізбен етене жақын әрі сенімге негізделген қатынас орнаттық. Қазір де өзара келісімдерді сақтап жүрміз", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның негізгі одақтасы әрі барлық бағыт бойынша серіктесі болып қала береді.

© Photo : Официальный сайт первого президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті
Ресей Қазақстанның басты одақтасы болып қала береді - Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті

 

"Біз өзара қатынасымызды қадірлейміз және әрі қарай дамытатын боламыз. Бұрын айтқанымдай, санкциялар жағдайында экономиканың әртүрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға ерекше назар аударған жөн", - деп атап өтті Елбасы.

Ол елшіліктің қызметі алдағы уақытта да елдер арасындағы достық қатынасты нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

"Ресейде сізді тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – тұңғыш президенті әрі Елбасы ретінде аса құрметтейді. Дамудың стратегиялық бағытының сақталуына кепіл болып отырсыз", - деді Ресей Федерациясының төтенше әрі өкілетті елшісі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты

Сондай-ақ Бородавкин сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында өзара ықпалдастықты әрі қарай нығайту үшін перспективалардың барын атап өтті.

Ресей елшісі Елбасыға Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорындарын құру және дамыту, сондай-ақ инвестициялық серіктестікті нығайту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сәрсенбіде Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Олар Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0