Саясат

Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді: президент не туралы айтты

© Photo : Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынасының дамуына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары 11-12 қыркүйекке жоспарланған. 

"Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Сондай-ақ Тоқаев Қытайдың 70 жылдық мерейтойына орай құттықтау жазып қалдырды.

"Ұлы Қытай Халық Республикасына үлкен табыстар тілеймін", - деп жазды президент. 

Жаңалықтар
0