Қазақстан мен Әзербайжан сарапшылары Елбасының Бакуге іссапарының нәтижелерін талқылайды

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетаралық өзара ықпалдастық жөнінде құжаттарға қол қою үшін Әзербайжанға іссапармен барды

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. 4 сәуір күні сағат 14:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстан президентінің Әзербайжанға іссапарының нәтижесі туралы бейнекөпір өтеді.

Нурсултан Назарбаев, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев ресми сапармен Әзербайжанға барды

2-3 сәуірде маңызды саяси оқиға болды – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасына іссапармен барды. 

Іссапар барысында жасалған келісімдер мен олардың елдер арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа тигізер ықпалы туралы сарапшылар пікірлерімен бөліседі:

Астанада:

— "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Владимир Тельнов

Бакуде: 

— Батыс университетінің профессоры, саясаттанушы Фикрет Садыхов.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1. 

БАҚ аккредитациясы: +77015277007.

Жаңалықтар
0