КСРО құлағаннан кейін АҚШ әлемдік көшбасшы міндетін атқара алмады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуНью-Йорк
Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуропа тұрғындары сауалнамаға қатысып, КСРО құлағаннан кейінгі дүние жүзіндегі АҚШ-тың рөлі туралы пікірлерін білдірді.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik. Sputnik. Пікір сауалнамасының деректері бойынша, Германия (69%), Франция (55%) және Италия (51%) тұрғындарының басым көпшілігі 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін жалғыз астам держава болып қалған АҚШ әлемдік көшбасшы міндетін атқара алмады деп есептейді.

Сауалнаманы Ifop компаниясы Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы үшін  жүргізді.

"КСРО құлағаннан кейін АҚШ әлем көшбасшысы міндетін атқара алды ма" деген сұраққа немістердің 24%-ы, француздардың 35%-ы және итальяндардың 42%-ы оң жауабын берді. Ал, француздардың 10%-ы және немістер мен итальяндардың 7%-ы бұл сұраққа не деп жауап берерлерін білмеді.

1991 жылы 8 желтоқсанда КСРО-ның жойылып, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылуы туралы Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл күні Вискулиде (Беловеж орманындағы белорус үкіметінің резиденциясы) Белоруссия, Ресей Федерациясы және Украина басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды.

© SputnikАҚШ-тың әлем көшбасшысы ретіндегі рөлі туралы Еуропа тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері
АҚШ-тың әлем көшбасшысы ретіндегі рөлі туралы Еуропа тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері - Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың әлем көшбасшысы ретіндегі рөлі туралы Еуропа тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері

Сауалнаманы Франциядағы қоғамдық пікірді білумен айналысатын ең ежелгі компания Ifop 2016 жылы шілде айында өткізді. Сауалнамаға Франция, Германия және Италиядағы 18 жастан асқан 3006 адам қатысты. Іріктеме халықты жынысы, жасы, географиялық орны бойынша бөліп көрсетеді. Іріктеменің максималді қателігі +/- 3,1%-ды құрайды, ал сенімгерлік ықтималдығы — 95%. 

Sputnik.Пікір туралы мәлімет

Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa. Sputnik.Пікір жобасы аясында ең өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша коғамдық пікірді білу үшін АҚШ және Еуропа елдерінде сауалнама жүргізіледі. 

Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Жаңалықтар
0