Өңірлер

Назарбаев Талдықорғандағы Оқушылар сарайына автобус тарту етті

© Photo : Официальный сайт президента РКПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев. Архивное фото
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Талдықорғандағы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті.

АСТАНА, 19 сен – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Талдықорғандағы Оқушылар сарайына барды деп хабарланады Ақорданың сайтында.

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев играет на домбре - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев галстуксыз:Қазақстан басшысының бойында қандай таланттар бар
Мемлекет басшысы биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты.

Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардың концерттік нөмірлері ұсынылды.Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Соңында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті.

Алматыдағы Халық Арена мұз кешені - Sputnik Қазақстан
Спорт
Елбасы Алматыдағы "Халық арена" спорт кешенін аралап көрді
Ғимараттың жалпы алаңы – 13 мың шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды.

Жексенбіде және дүйсенбіде мемлекет басшысы Алматыда жұмыс сапарымен болды, онда қаланың мың жылдығына арналған шараларға қатысты.

Жаңалықтар
0