Өңірлер

Сенбі күні Қазақстан тұрғындарын бұлтты ауа райы күтеді

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде сенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. Қазақстан аймақтарының  басым бөлігінде сенбіде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Синоптиктердің болжамынша, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей аумақтарда  тұман, көктайғақ болжанады. Елдің шығысында жекелеген жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді.

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0