Өңірлер

Демалыс күндері қар жауып, боран соғады деп күтіледі

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады.

АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. Синоптиктер Қазақстанның солтүстігінде 22-24 қазанда  қар жауып, боран соғады деп болжайды, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Карск теңізінің ауданынан Қазақстанға қарай атмосфералық фронттары бар, суық ауа-райын туындататын,  арктикалық ауа массасы: солтүстік жартысында қар жаудырып, бұрқасын тудырып, оңтүстігінде – қар аралас сулы жаңбыр  жаудырып  жылжуын жалғастыруда.

Республиканың батысында антициклонның ықпалы әлі сақталуда, әдеттегідей жауын-шашынсыз, бірақ онда да бұрыңғы  осындай уақыт кезеңіне қарағанда — суық болып тұр.


Жаңалықтар
0