Өңірлер

Шопыр сегіз жасар баланың өлімі үшін алты жылға сотталады

© Fotolia/Nightman1965Темір тордың ар жағында
Темір тордың ар жағында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші құқығынан айырылған ер адам мас күйінде көлік айдап сегіз жасар баланы қағып кетті, бала алған жарақатынан есін жия алмай ауруханада көз жұмды.

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Мас күйінде көлік айдап, сегіз жасар баланы қағып кеткен ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады сейсенбі күні Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Шымкентте полицей көлігі жол апаты орнында - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да мерекеге кетіп бара жатқан жас әртістер жол апатында қаза тапты

Тергеу барысында анықталғандай, жүргізуші құқығынан айырылған шопыр Круглоозерное ауылында мас күйінде көлік айдап жүріп, рөлге ие бола алмай  жолдың шетіне шығып кеткен.

Ер адам 2008 жылы туылған ер баланы қағып кетеді, бала алған жарақаттан есін жия алмастан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. 

Орал қалалық сотының үкімі бойынша ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылып, колонияға қамалды. Сонымен қатар, көліктік құралдарды басқаруына  жеті жылға тыйым салынады. Үкім заңды күшіне енген.

Жаңалықтар
0