Өңірлер

Алматыда "Байсат" базары өртке оранды

© Photo : Пресс-служба ДЧС ВКОӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер хабарлама келіп түскеннен кейін бес минут ішінде келіп жетті, ол кезде контейнерлер өртке оранған болатын.

АСТАНА, 4 жел — Sputnik. Алматыда жексенбі күні таңертең "Байсат" базарында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама "101" нөміріне 05:57-де түскен.

Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда "Отырар" қонақ үйінде өрт шықты

"Оқиға орнына күш пен құралдар жіберілді. Алғашқы өрт сөндірушілер бес минут ішінде жетті – 6:03-те. Өрт сөндіруші құтқарушылар келген кезде жағдай былай болатын: контейнерлер лапылдап жанып жатқан. Өрттің күрделілігі үшінші дәрежелі деп бағаланды", — деді Баймұхамбетова.

Оның сөзіне сүйенсек, өрт 06:57-де ауыздықталып, 07:19-да толықтай өшірілді. 

Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады, зардап шеккендер жоқ.  

Жаңалықтар
0