Өңірлер

Бөтен біреудің қарызы Қостанай тұрғынын өзін-өзі өртеуге итермелейді

© SputnikБимағанбетовтар отбасы
Бимағанбетовтар отбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның туған-туыстары қайғылы оқиға орын алмас үшін күнделікті үйді аңдып отыр, адвокат Бас прокуратураға өтініш жазды

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Қостанайда ер адам коттедж сатып алады, алайда сот үйдің бұрынғы иесінің қарыздарына байланысты мәмлені жарамсыз деп тапты, қазіргі уақытта баспананы сатуға шығармақшы.

от - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Кезекті өзін-өзі өртеу: Шымкентте ер адам өзіне қол салмақ болды

"Коттеджді 40 миллион теңгеге сатып алдық, тағы 20 миллион теңгені жөндеу жұмыстарына жұмсағанбыз. Себебі бізге дейін үйде ешкім тұрмаған болатын. Сатып алғаннан соң жарты жыл өткеннен кейін 2016 жылы наурызда банкроттық басқарушыдан Вендель Николай, Вендель Каринамен жасасқан мәмле жарамсыз деген арыз келді", — дейді Бексұлтан Бимағанбетов.

Төбесінен жай түскендей болған ер адам адвокат жалдап, мәселенің анық-қанығын зерттей бастайды. Сөйтсе, бұрынғы иесі Николай Венделдің жеке кәсіпкерлігінің төленбеген салығы бойынша 43 миллион 375 мың теңге қарызы болыпты. Банкротқа ұшырағанға дейін екі ай бұрын Вендель үйді әйелінің атына жазған екен. Ауданаралық мамандандырылған экономикалық сот кәсіпкерді салық төлеуден қашты деп санап, "Оңалту және банкроттық" туралы заңға сәйкес сыйлау мәмлесі мен Бимағанбетов пен Карина Вендель арасындағы сауда-саттық келісімшартын жарамсыз деп мәлімдеді.

Бимағанбетов Қостанай облысы ІІД-не үйдің бұрынғы иерінің атына шағым түсірген.

"Бірақ Венделдер енді Ресей азаматы. Олардан коттедждің құнын қайтарып алуымыз екіталай. Полицияның айтуынша, бұл азаматтық-құқықтық қатынастар, сондықтан сотқа арыз беру керек. Алайда соттың өзі біздің мәмлені жарамсыз деп танып отыр, әбден тығырыққа тірелдік", — дейді Бексұлтан Бимағанбетов.

Күйзеліс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда несиеге бола өз-өзін өлтірмек болған әйел құтқарылды

Қазіргі уақытта Бимағанбетовтың коттеджін бұрынғы иесінің қарызы үшін сатуға шығармақшы. Шарасыз күйге түскен ер адам баспанамды қайтсем де бермеймін, үймен қоса өзімді де өртеп жіберемін деп отыр. Тіпті бір канистр бензин даярлап қойса керек.

Ал оның адвокаты Галина Кушнир мәселені заң жолымен шешепекші. "Бұл құрылыстың сауда-саттық келісімін жасамас бұрын Бимағанбетовтар әділет департаментіне барып, үйге ешқандай тыйым салынбағандығы туралы анықтама алған. Сатушының банктегі қарызын төлеуге барғанда, ол жерде де ешқандай шектеудің жоқтығы айтылған. Нотариусте де еш мәселе туындамаған. Алайда, сот басқадай шешім шығарды. Бұл шешімге шағым түсіруге хақымыз бар. Біз Бас прокуратураға өтініш жаздық", — деп мәлімдеді Галина Кушнир. 

Бимағанбетовтың ісі қадағалау органында келесі аптада қаралуы тиіс.

Жаңалықтар
0