Өңірлер

Жаңаөзен маңында мұнай өнімдері тұтанды

© SputnikӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кен орнындағы өрт бір сағатқа жетпей өшірілді, себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырымдай жерде 28 желтоқсан күні мұнай өнімдері тұтанып кетті деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

Больница, носилки - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мерке мұнай базасында өрттен зардап шеккен соңғы адам көз жұмды

Өрт шыққандығы туралы хабар 04:21-де түскен. Бес минуттан соң өрт шыққан жерге "Семсер өрт сөндіруші" ЖШС-нің күштері мен құралдары аттанып кетті.

ТЖ "Өзенмұнайгаз" АҚ НГДУ-3 кәсіпорнының аумағындағы ұңғыма маңында болған. 

"№61 қондырғы қасындағы №4412 ұңғыма жанында төгілген мұнай өнімдерінің тұтанғаны туралы дабыл келіп түсті. Ол НГДУ-3 мекемесіне тиесілі. Бұл қондырғы Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырым қашықтықта орналасқан. 04:55-де өрт ауыздықталып, 05:00-де толықтай сөндірілді", — деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз орталығы.

Өртену ауданы алты шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген зиянды кезекті анықтаушы белгілейді.  

Жаңалықтар
0