Өңірлер

2016 жылғы соңғы күн қарлы боранымен қазақстандықтардың есінде қалады

© SputnikБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірінеше аймақтарында жел тұрып, қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі

АСТАНА, 31 жел – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 31 желтоқсан күні құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитетінің сайтында.

Қар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның бірнеше ауданында дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында кей жерлерде боран соғады, түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел тұрады – 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 25 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болады, желдің екпіні – 15-20, күндіз ұйытқуы – 25 м/с. Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде – тұман, боран, желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде – желдің күшеюі 15-25 м/с, боран. Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде – желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде боран болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде боран. 

Жаңалықтар
0