Өңірлер

Жаңа жыл түні Қапшағайда орталық алаңдағы шырша өртенді

CC0 / Freebie / Шырша
Шырша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қапшағайда Жаңа жыл қарсаңында орталық алаңдағы шырша тұтанып, жанып кетті

АСТАНА, 1 қаң — Sputnik. Қапшағай қаласының орталығында орналасқан жаңажылдық шырша 31 желтоқсанда өртенді деп хабарлады әлеуметтік желі қолднушылары куәгерлер түсірген бейнені таратып.

ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов шыршаның өртенгені туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан агенттігіне растады.

Оның сөзіне жүгінсек, 31 желтоқсан күні сағат 22 кезінде қаланың орталық алаңында жаңажылдық шырша тұтанған. Өртті жарты сағаттан соң Алматы облысы өрт сөндіру қызметінің күштері сөндірді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Өрт шығу себептері анықталады.

Жаңалықтар
0