Өңірлер

Бейсенбіде синоптиктер қар жауып боран соғады деп болжайды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар күтіледі, оңтүстік жартысында жауын-шашын болады, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Петропавл әуе жайы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлдан Астана мен Алматыға және кері әуе рейстері тоқтатылды

 Ақмола, облысының басым бөлігінде түнде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар  облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерде жел 17-22, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20, түнде Қостанай облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Жамбыл облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, жел 18 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Жаңалықтар
0