Өңірлер

Қызылордада екі ер адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті

© Photo : ДЧС Кызылординской областиАвтокөлік мұз астына түсіп кетті
Автокөлік мұз астына түсіп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамдар көлікке мініп, мал іздеуге шыққан. Жолды қысқарту үшін көлді кесіп өтпек болыпты

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Қызылордада автокөлік Қанқожа көлінде мұз астына түсіп кетті, көлік иесі мен жолаушы зардап шеккен жоқ деп хабарлады облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Есіл жағасы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана орталығында ер адам суға кетті

"Оқиға 4 қаңтарда болған. Қызылорда облысы Бәйгеқұм аулының тұрғыны құтқарушыларға хабарласып, автокөлігінің облыс орталығынан 110 километр қашықтықта орналасқан Бәйгеқұм аулы маңындағы Қанқожа көлінде мұз астына түсіп кеткендігін айтқан. Хабар түскен бойда оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанды", — деп хабарлады ведомствода.

Оқиға орнында анықталғандай, OPEL Vectra автокөлігінің иесі мен досы мал іздеуге шығады. Ер адамдар жол қысқарту үшін көлді кесіп өтеміз дегенде, мұз астына түсіп кетеді. Ер адамдар көліктен шығып үлгеріпті. Ал, OPEL Vectra су түбінде қалса керек.

Құтқарушылар суға сүңгу құрал-жабдықтары мен қолда бар затты пайдалана отырып, автокөлікті тартып, жағаға шығарып алды.

Жаңалықтар
0