Өңірлер

"Шымбұлақтағы" жолдардың біраз бөлігі Универсиадаға байланысты жабылды

© Sputnik / Сергей КимШымбұлақ
Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолдардың жабылуына байланысты ересектер мен балалар абонементінің бағасы төмендейді

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. 9 қаңтардан бастап "Шымбұлақ" тау шаңғысы демалыс орнының алты жолы жабылады делінген Instagram желісіндегі ресми парақшада.

Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Шымбұлақ" құлап кеткен кабинка туралы ақпаратты теріске шығарды

"Универсиада-2017 жарысын өткізуге дайындау үшін дүйсенбі 9 қаңтардан бастап сырғанау жолдары жартылай жабылады деп хабарлаймыз. Дәлірек айтқанда: Комби1: Азиада, Олимпийский, Профессор, Поле Чудес, Терраса, Труба жолдары жабылады. Қалған жолдар бұрынғы тәртіппен жұмыс істей береді – Левый Талгар: Дядя Богданович, Зеленая поляна, Солнечная долина; Комби 2: Талгар, Гребень двадцадки; Травелатор: Белый мишка; Змейка", — делінген хабарламада.

"Жолдардың бір бөлігінің жабылуына байланысты Универсиада біткенше кассадан алынған барлық күндізгі абонементтерге 30% жеңілдік жасалады, сондай-ақ төмендетілген бағамен ұсынылған абонементтерді shymbulak.com немесе homebank.kz сайттары арқылы онлайн сатып алсаңыз, қосымша 30% жеңілдік болады. Яғни, төрт сағаттық ересектер және балалар абонементтері кассада 4000 және 2000 теңге тұрады, ал онлайн сатып алсаңыз – 2800 және 1400 теңге төлейсіз", — делінген әлеуметтік желіде. 

Жаңалықтар
0