Өңірлер

Ірі қалалардың тұрғындары кез келген ХҚКО-да уақытша тіркеуден өте алады

CC0 / Oliver Menyhart / құжаттар
құжаттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары өз қаласындағы кез келген ХҚКО-да тіркеуден өте алады

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары уақытша тіркеуден кез келген ХҚКО-дан өтулеріне болады деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының баспасөз қызметі.

"Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады. Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚКО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады", — делінген хабарламада.

Қазнет уақытша тіркеу нормасына қатысты ойын білдірді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазнет уақытша тіркеу нормасына қатысты ойын білдірді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұл азаматтарға уақытша тіркеу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді. "Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалалардағы тұрғындарға жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Мысалы, пәтер Есіл ауданында орналасқан болса, онда Есіл аудандық ХҚКО-ға бару керек еді. Енді бұл қалалардың тұрғындары көші қон полициясы қызмет ететін кез келген ХҚКО-ға баруларына болады", – деп түсіндірді Еренчинов.

Жаңалықтар
0