07:17 25 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Шымкентте қираған үй: зардап шеккен отбасыларға Т200 мың көмек беріледі

Шымкентте қираған үй: зардап шеккен отбасыларға Т200 мың көмек беріледі

© Foto: Пресс-служба акима ЮКО
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Билік өкілдері зардап шеккендерге уақытша баспана беру туралы мәселені қарастыруда

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы билік өкілдері Шымкентте үйдің қирауынан зардап шеккен отбасыларға 200 мың теңгеден астам қаражат бөлуді қарастыруда деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дүйсенбі күні өңір басшысы Жансейіт Түймебаев оқиға орнын көріп қайтты. Ол ахуалмен танысып, зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

"Қазіргі уақытта зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек беру үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде (226 мың 900 теңге) қаржылық көмек көрсетіледі", — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ уақытша тұратын баспана беру мәселесі де қарастырылуда.

Басты тақырыптар