Өңірлер

Әкімдікке үміткер жұмысқа тұрарда жалған диплом пайдаланған

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСтуденттер
Студенттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үміткерлердің аталмыш лауазымға сәйкестігін тексеруде құжаттың жалған екендігі анықталды

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Қостанай облысының аудандық соты 50 жастағы ер адамды жұмысқа тұрар кезде жалған диплом пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды деп хабарлайды облыстық сот баспасөз қызметі.

Іс материалдары бойынша, 2009 жылдың күзінде Алматының автобазарында болған Н. белгісіз тұлғадан 350 АҚШ долларына оның 2006 жылы 23 маусымда Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін тәмамдағандығы туралы жалған дипломды заңсыз сатып алған. 

Бимағанбетовтар отбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бөтен біреудің қарызы Қостанай тұрғынын өзін-өзі өртеуге итермелейді

"2015 жылдың қарашасында азамат Н. Қарасу ауылында аудан орталығының әкімі қызметіне орналасқанда аталған дипломды пайдаланған. Жергілікті өзін өзі басқару органдарына мемлекеттік лауазымға үміткер кандидаттарға жүргізілген арнайы тексеріс кезінде аталған құжаттың жалған екені анықталған.Бұл жайтты арнайы сот сараптамасы да растады", — делінген хабарламада.

Қостанай облысының Қарасу аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау) айыпталған 50 жастағы азамат Н-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот азамат Н-ны қылмыстық әрекетте айыпты деп тауып, оған 60 АЕК көлемінде, яғни, 127 000 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтар
0