00:50 24 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
ХҚКО

Универсиададан кейін Алматының Алатау ауданында жаңа ХҚКО ашылады

© Foto: официальная страница МВД РК в социальной сети "В Контакте"
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Ашылуына бір ай шамасында уақыт қалған Алтау аудандық ХҚКО ғимараты кеңірек болады

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Алматының Алатау ауданда жоғары өткізу қабілеті бар жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. 

Қазіргі ХҚКО соңғы күндері азаматтардың ағынына қызмет көрсетіп үлгермей жатыр. 

Қада әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа ХҚКО күніне 1,5 мың адамға қызмет көрсететін болады.  "Алатау ауданының жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Универсиада-2017 аяқталғаннан кейін, атлетикалық ауылда ашылады. ХҚКО ауданы 1260 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта орналаспақ,. Бірінші қабатта келушілер Connection Point бөлімінде 5 терминал арқылы қажетті қызметті өздері жасай алады. Мұнда күту залы, балалар алаңы, кеңес берушілер отырады. Екінші қабатта операциялық бөлімдер мен Алатау ауданының көші-қон полициясының бөлімі жайғаспақ. Қазіргі таңда Алатау ауданының ХҚКО 700 шаршы метр болатын ғимаратта отыр. Мекеме күніне 500 адамға қызмет көрсете алады. 

Алдын ала бағалау бойынша, Алатау аудандық ХҚКО уақытша тіркеуді рәсімдеуге қаптап келген халықтың санына дайын болмай шықты. Еске сала кетейік, бүгін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев азаматтарды уақытша тіркеуге қатысты жәйтке наразылығын білдіріп, мемлекеттік ведомстволардың "бұрынғы тырмаларды қайта басып жатқанын" атап өтті. 


Басты тақырыптар