07:17 25 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
Қар құрсауы

Шығыс Қазақстан тас жолдарынан адамдар эвакуациялануда

© Foto: ДЧС ВКО
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Кешкісін жабылған тас жолда отыз автокөлік қар құрсауында қалып қойды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Шығыс Қазақстандағы Қалбатау-Өскемен тас жолында қар құрсауында қалып қойған адамдар эвакуациялануда деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта Жарма ауданында Қалбатау-Өскемен тас жолынан адамдар эвакуациялануда. Бастапқы берілген мәлімет бойынша, 30 автокөлік қар құрсауында қалып қойған", — деп хабарлайды ТЖД.

Айта кететін бір жайт, Шар-Бақыршық  телімі түк көрінбейтін ақ түтек боранның салдарынан кешкісін жабылған болатын.

Құтқарушылар екі жақтан аттанды: Шар жақтан – ӨСБ-55 қызметкерлері, Өскеменнен – Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару тобының қызметкерлері. 

Бұдан бөлек, таңға жуық өрт сөндірушілер Абай-Семей тас жолынан 15 адамды құтқарды. 

Сағат 9-дағы ахуал бойынша келесі жолдар екі бағытта жабық: Шар-Бақыршық және Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка.

Басты тақырыптар