АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, тек республиканың солтүстік, оңтүстік, орталықтың кей жерлерінде аздаған қар жауады, деп хабарлайды ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайты.
Кей жерлерде тұман болады, оңтүстікте көктайғақ болып, жел күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, түнде екпіні 28 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.