Өңірлер

Қазақстанда апта қатты желмен басталды

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқар
қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел  күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Ақмола, Павлодар  облыстарында  жел 15-20 м/с, кей жерлерде  екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұрқасын, кей жерлерде күшті бұрқасын болады. Алматы облысында күндіз жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын бақыланып, жел 15-25 м/с күшейеді. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе обылыстарыныңкей жерлерінде  бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде — бұрқасын, тұман, көктайғақболып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында- жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.    

 

Жаңалықтар
0