Өңірлер

Қазақстанның бірқатар облысында жолдар жабылды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"тас жол
тас жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада, Ақмоа, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жолдар жабылды

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты боранға байланысты дауылды ескерту жарияланып, автожолдар жабылды немесе қозғалыс шектелдіе, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.  

Дауылды ескерту

Астана қаласында 23 қаңтарда бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күшейеді.         

Ақмола облысында тәулік бойы 23 қаңтарда 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.  Кей жерлерде бұрқасын болады.

Бұдан бөлек, қантардың 23 күні болжанын отырған күшті жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының аласа таулы өзендерінде еріген қар суынан су тасқыны және беткейлік пайда болуы мүмкін.

Жолдардың жабылуы туралы ақпарат 

Астана мен бес  облыста ауа  райының нашарлануына байланысты автожолдардағы қозғалыс не жабылды, не шектелді. 

Астанда Астана-Щучье, Астана-Астраханка, Астана-Павлодар және Астана-Қарағанды автожолдарының учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды. 

Ақмола облысында: Асана-Петропавл (18-230 ш) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды. 

қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда апта қатты желмен басталды

Алматы облысына қарасты республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал тасжолында (40-80 шақырым) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына орай облыстық маңызы бар Бақыршы-Бұрсақ (0-18 шақырым) жолы көліктің барлық түрі үшін жабық. 

Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбург (1051-1127 ш, Теміртау Ақмола облысының шекарасы) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды.

Қостанай облысында боран соғып, жолдың көрінуі нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл (Арқалық қаласы Ақмола облысы шекарасы, 252-377 шақырым) учаскесінде көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Облыстық маңызы бар Арқалық-Торғай (0-288 шақырым), Әулиекөл-Жолдама (0-257 шақырым), Қойбағар-Севастопольский (0-236 шақырым), Әулиекөл-Ақжол (0-130 шақырым) жолдары көліктің барлық түрлері үшін жабылды. 


Жаңалықтар
0