Өңірлер

Алматы оқушысын кек алу үшін өлтірген болуы мүмкін

© Sputnik / Владимир Родионов / Медиабанкке өтуБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция Алматыдағы 11 жасар бала өлімінің мән-жайын ашты

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Алматы полицейлері 11 жасар Өркен Азаматұлы өлімінің анық-қанығын тергеуде. Баланы кек алу мақсатында өлтірген болуы мүмкін. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды – олардың арасында баланың өгей шешесінің ұлы мен қызы бар.

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 6 сынып оқушысы 19 қаңтарда мектептен шығып үйіне оралмаған. Сол күні кешке оның әжесі баланың жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз береді. Кейіннен баланың өлі денесі табылады.

"Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде – 125 бап 2 бөлік және 99 бап 2 бөлік (кісі ұрлау және өлтіру). Кісі өлімінің күдікті ұйымдастырушысы ұсталды – Өркеннің өгей шешесі, 1980 жылы туылған. Бірінші некеден екі баласы бар екен. Ұлы 1995 жылы туылған және қызы 1997 жылы туылған. Ұлы Шымкентте тұрады. Бастапқы мәлімет бойынша, күйеуі мен енесінен кек алу үшін баланың өгей шешесі осындай қылмысқа барған", — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бастапқы мәліметке сүйенсек, баланы 100 мың теңге үшін өлтірген болуы мүмкін. Департамент өкілі сол күні болған оқиғаны қолда бар деректерге сәйкес баяндайды.

"Бастапқы мәлімет бойынша, оқиға былай болған. Ол Шымкенттен баласын шақырады, баласы досымен бірге келеді. Қылмыс үшін оларға 100 мың теңге беремін деп уәде береді – бұған қызы да араласады. Үшеуі бірігіп баланы аңдиды – қашан шығатынын, аялдамаға қашан келетінін біліп алады. 19 қаңтарда олар көлікпен келеді. Көлік өгей шешенің танысына тиесілі, ол қылмыстың бесінші сыбайласы болуы мүмкін. Баланы шақырып алады – ол бұл кісілердің танығандықтан, көлікке отырады. Сөйтіп, баланы ұрлап, алдын ала жалға алынған саяжайға алып барады. Сараптама көрсеткендей, бірнеше сағаттардан соң оқушы қаза тапқан. Оны қылқындырып, денесіне көптеген пышақ жарақатын салған. Қылмысты жасыру үшін денесін үйдің жертөлесіне көміп тастапты", — дейді Салтанат Әзірбек.

Жаңалықтар
0