Өңірлер

Сейсенбіде Қазақстанда қатты жел тұрып, көктайғақ болады деп күтіледі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтубұрқасын
бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.

Ақмола,  Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с  күшейеді.  Алматы облысының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болады, түнде жел 18-23 м/с күшейеді.  Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі,  жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 күшейеді.  

Оңтүстік Қазақстан облының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын  күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді.

 Қызылорда  облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып,  жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Батыс Қазақстан обылыстарының   кей жерлерінде  бұрқасын,  көктайғақ болып, жел 15-20  м/с күшейеді.

Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерінде қатты болады, жел 17-22, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.    


Жаңалықтар
0