23:33 26 Маусым 2017
Тікелей эфир
Оқушы қыз

Алматы облысында іс-түссіз жоғалып кеткен қыз аман-есен табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Алматы облысынла екі апта бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik.  Алматы облысы полицейлері екі апта бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қызды тауып алды деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

14 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы 3 наурыз күні Ескелді ауданы Байысов ауылы тұрғыны хабарлаған болатын. 

"Жоғалған оқушы қызды көрші Қаратал ауданынан таптық. Ол Үштөбе қаласындағы құрбысының үйінде қонақта болыпты, тұрған мекенжайын күнделікті ауыстырып отырса керек. Кеше ғана қызды аман-есен ата-анасның қолына табыстадық", — деп мәлімет берді полиция.

Жетінші сынып оқушысы үйінен жиі кетіп қалады екен. Қызды тәрбиелеп отырған жалғыз басты анасы ғана.

Басты тақырыптар