23:21 26 Маусым 2017
Тікелей эфир
Жаннат (Зена) Ахетова

БАҚ: Ақтөбедегі Зена - "полицейлер ханшайымы" тергелуде

© Foto: aktobetimes.kz
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
58021

Басылымда атап өтілгендей, жол полициясының қызметкері сұлулығымен ғана емес, берік ұстанымымен де ерекшеленген

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Ақтөбе жол полициясының танымал қызметкері Жаннат Ахетоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады "Мой город" порталы.

Басылым атап өткендей, жасөспірімдер арасында кең таралған "Зена — жауынгерлер ханшайымы" атты сериалдың басты кейіпкеріне қатты ұқсағандықтан, аға инспектор Жаннат Ахетованы Зена деп атап кетсе керек: қызметкер қаладағы ең принципшіл полицейлердің бірі әрі кино кейіпкеріндей ерекше сұлулық иесі.

Ахетова құрбысының кесірінен заң бұзуға мәжбүр болыпты. Құрбысын айыппұлдан құтқару мақсатында әріптесін жалған құжат жасауға көндіріпті.

Қазір екі полицей де сотқа тартылған.

Басты тақырыптар