23:29 26 Маусым 2017
Тікелей эфир
Ер адам

Қарағандыда "бомба қойылған" мектептен оқушылар қауіпсіз жерге шығарылды

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
32 0 0

Қарағандыда бомба туралы жалған хабардан кейін 900 адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Белгісіз бір әйелдің жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарынан кейін 900 оқушы мен ұстаз мектептен қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Полиция берген мәліметке сүйенсек, Қарағандыдағы Пришахтинск 22-ші шағын ауданының мектеп ғимаратына "бомба қойылғаны" туралы хабар жұма күні сағат 10:18-де келіп түскен. Хабарласқан ер адамның айтуынша, оның үй телефонына бөтен бір әйел хабарласып, №32 мектеп ғимаратына жарылғыш құрылғы орнатылғанын мәлімдеген.

Оқиға орнына қаланың барлық жедел қызметтері жіберілді, ғимараттан 900-ге тарта адам қауіпсіз жерге шығарылған.

"Облыстық ішкі істер департаментінің саперлері ғимаратты мұқият қарап шықты, жарылғыш құрылғы табылған жоқ", — деп хабарлады Құдияров.

Қазір бомба туралы жалған хабар жеткізген әйел адам іздестірілуде.

Басты тақырыптар