Өңірлер

Ақтауда бір түнде үш қойма өртенді

© Photo : "Лада"Ақтауда қоймалар өртенді
Ақтауда қоймалар өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар өрт шыққан қойманың есігін жарты сағат бойы аша алмаған

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Ақтауда түнде қойма тұтанып, желдің салдарынан өрт тағы екі ғимаратты шарпыды, деп жазады "Лада" жергілікті басылымы.

түтін - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Қазцинк" зауытындағы өрт кезінде зиянды заттар тарады

Қоймалардағы өрт түнгі сағат үш кезінде шыққан, Ақтау өрт сөндіру кезекші станциясының пультіне қоңырау 03.03-те келіп түскен.

Оқиға орнына төрт өрт сөндіру жасағы аттанды. Хабар бойынша, өрт №2 қоймада шыққан, кейін №1 және №3 қоймаларды шарпыпты.

Төтенше жағдай орнына көрші ғимараттардың иелері келіп жеткен, бірақ жанып жатқан қойманың иесі болмағандықтан, №2 қойманы ашуға жарты сағаттай уақыт кетіпті.

Өртті сөндіру кезінде екі шағын аудан арасындағы автожол жабылды. Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар бірнеше рет су толтытруға кеткен.

© Photo : "Лада"Ақтауда қоймалар өртенді
Ақтауда қоймалар өртенді - Sputnik Қазақстан
1/2
Ақтауда қоймалар өртенді
© Photo : "Лада"Ақтауда қоймалар өртенді
Ақтауда қоймалар өртенді - Sputnik Қазақстан
2/2
Ақтауда қоймалар өртенді
1/2
Ақтауда қоймалар өртенді
2/2
Ақтауда қоймалар өртенді

Өрт 04.30-да сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жаңалықтар
0