Өңірлер

Cәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Сәрсенбіде циклонның ықпалымен Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-батыс өңірлерінде аздап жауын жауады, қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Gismeteo синоптиктері.

Қазақстанның орталық облыстарында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысында көшпелі бұлтты, желдің екпіні — 9-14 м/с, өңірдің солтүстігінде желдің ұйытқуы 15-20 м/с, күндіз жауын жаумайды, +21…+24°C, түнде кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін, +12…+15°C, облыстың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +25…+28°C, түнде +13…+15°C.

Қарағанды облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +25…+28°C, түнде +15…+17°C, өңірдің оңтүстігінде күн ала бұлтты, күндіз температура +27…+30°C, түнде +15…+17°C.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жауын жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел ұйытқиды.

Павлодар облысында ғана күндіз жауын жаумайды, ауа райы көшпелі бұлтты, желдің екпіні — 9-14, ұйытқуы 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +26…+29°C, түнде кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін +15…+17°C.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні — 9-14, ұйытқуы 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +20…+24°C, түнде +12…+15°C.

Қостанай облысында көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жауын жауады, күн күркірейді, желдің екпіні — 9-14 м/с, ұйытқуы 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +20…+23°C, түнде +13…+15°C.

Шығыс Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде өткінші жауын болып, күн күркірейді, күндіз ауа температурасы +28…+32°C, түнде +18…+21°C.

Оңтүстік облыстарда ауа райы көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, кей жерлерде жел ұйытқиды.

Алматы облысында ғана түстен кейін кей жерлерде аздап жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз ауа температурасы +30…+33°C, түнде +18…+21°C.

Жамбыл облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні 9-14 м/с, ауа температурасы күндіз +31…+34°C, түнде +18…+21°C.

Оңтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +32…+35°C, түнде +19…+22°C.

Қызылорда облысында ала бұлтты, жауын жаумайды, желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +33…+36°C, түнде +20…+22°C.

Қазақстанның батыс өңірлерінде көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Маңғыстау облысында ғана көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, кей жерлерде аздап жаууы мүмкін, желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +24…+27°C, түнде +19…+21 °C.

Батыс Қазақстан облысында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні — 9-14 м/с, күндіз ауа температурасы +23…+26°C, түнде +11…+13°C.

Ақтөбе облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні +24…+27°C, түнде +13…+15°C.

Атырау облысында күн ала бұлтты, жаңбыр жаумайды, күндіз ауа температурасы +29…+31°C, түнде +17…+20°C.

Жаңалықтар
0