Өңірлер

Ақтөбеде екі жігіт студент қызды алып қашпақ болған

© Sputnik / Табылды Кадырбековтұрмыстық зорлық-зомбылық
тұрмыстық зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Адам ұрлау" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 20 жастағы қызды ұрлап кетпек болған жігіттерді оқиға куәгерлері полицияға ұстап берді, деп хабарлайды diapazon.kz. 

Фата - Sputnik Қазақстан
Қыз алып қашу: "Күйеу жігіт" 12 жылға қамалуы мүмкін

Орталық базар ауданында кешкі сағат алтылар шамасында 20 жастағы студент қызды ұрлап кете жаздаған. Қыздың жанына келіп тоқтаған көліктің ішіндегі екі жігіт оны көлікке күшпен отырғызбақ болады. Мұны көрген адамдар қызды оны алып қашпақ болған жігіттерден құтқарып қалады. Сосын полиция шақырады. 

"Ұсталған жігіттер Хромтаудан, екеуі де 21 жаста. Олардың айтуы бойынша біреуі қызға үйленгісі келгендіктен, оны алып қашпақ болады", — деп хабарлайды сайт. 

Бір қызығы, "қалыңдық" жігіттерді танымайтын болып шықты, ал олардың қызды білетіні немесе білмейтіні белгісіз. Бойжеткен тойға келісімін берген жоқ.

"Адам ұрлау" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицияның баспасөз қызметі қылмыстың мән-жайын хабарлаған жоқ, тек қана жігіттердің ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғанын жеткізді. 


Жаңалықтар
0