Өңірлер

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал. Республиканың оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитет сайты.

Өзенге құлаған көлік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар маңында көлік өзенге құлап, ер адам суға кетті

Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады. Ақмола облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында таңертең және күндізкей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүтсік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Алматы, Маңғыстау облыстарында түнде кей жерлерде күн күркірейді. Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің екпіні 18 м/с. 

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар.


Жаңалықтар
0