Өңірлер

Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото

© Sputnik / Владислав ВодневАтырау облысындағы әйелдер колониясында "Қазақ аруы 2019" байқауы өтті
Атырау облысындағы әйелдер колониясында Қазақ аруы 2019 байқауы  өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жазасын өтеп жатқан әйелдер қазылар алқасына өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, жасаған бұйымдарын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Атырау облысындағы әйелдер колониясында "Қазақ аруы 2019" байқауы  өтті. Қазылар алқасы үміткерлердің қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетін бағалады, деп хабарлады  ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ІІМ ҚАЖК/ КУИС МВД РК (@kuis_mvd_rk)

Қазақстан аруы 2019: сұлулардың суреттері 

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар көрерменге өз өнерін паш етіп, жасаған бұйымдарын ұсынды.

"Ұлттық нақыштағы киім, сахналық образ, сөйлеу мәнері мен би. Мұның бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Байқау тәжіне алаяқтық жасағаны үшін сотталған үміткер ие болды. Қатысушылардың бәріне құнды сыйлықтар мен "Шапағат" қорының дипломы табысталды. Бас жүлде – тігін машинасы.

Жаңалықтар
0