Өңірлер

Ақтөбенің орталық базарында ірі өрт болды – фото

© Photo : КЧС МВД РКАқтөбенің орталық базарындағы өрт
Ақтөбенің орталық базарындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалын 1650 шаршы метр аумақты шарпыған

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ақтөбедегі Орталық базардан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

© Photo : КЧС МВД РКАқтөбенің орталық базарындағы өрт
Ақтөбенің орталық базарында ірі өрт болды – фото - Sputnik Қазақстан
Ақтөбенің орталық базарындағы өрт

9 мамыр күні түнгі сағат 04.30–да "Айсултан" сауда павильонының төбесінде өрт шыққан. Жалын шарпыған аумақ ұлғая түсіпті.

Сағат 05.52 кезінде өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады. 06.28-де өрт толықтай сөндіріген. 1650 шаршы метр аумақ отқа оранды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда автобус өртенді: оқиғаның мән-жайы

Өрт сөндіруге Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 127 адам мен 20 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0