Өңірлер

"Қайтеміз, ел болған соң солай болады": Тоқаев Арыс тұрғындарымен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев побывал в эвакуационном пункте
Касым-Жомарт Токаев побывал в эвакуационном пункте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қала тұрғындарына үйлерді жөндеуге қаржы бөлінетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым— Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстан кейін көшірілген тұрғындармен кездесті. Видеоны мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялады.

"Қаланы қалпына келтіреміз, бәрі жақсы болады, шыдай тұрыңыздар. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, ел болған соң солай болады. Үкімет ақша бөледі, көмектеседі. Алаңдамаңыздар", - деді Тоқаев жергілікті тұрғындарға қарата айтқан сөзінде. 

Ол үкімет шығынды есептеп, жөндеу жұмыстарына ақша бөлетінін атап өтті.  

Тұрғындар президентті ду қол шапалақтап шығарып салды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Арыстағы жағдай туралы баяндамасын тыңдағаны белгілі болды.  

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Салдарынан бір адам қаза тауып, отыздан астамы жарақат алған.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыстарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Арыс қаласында 45 мыңға жуық халық тұрады. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Арыс қаласындағы жарылыстан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.

Жаңалықтар
0