Қоғам

Тоқаев: үш ағайынның мал үшін өлтірілуі - қасірет

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы үш ағайынның мал үшін өлтіріліп, олардың балаларының жетім болып қалуын қасірет деп атады.

АСТАНА, 27 қыр — Sputnik, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы үш ағайынның мал үшін өлтіріліп, олардың балаларының жетім болып қалуын қасірет деп атады.

"Алматы облысында үш ағайын мал үшін өлтірілді, 9 бала жетім қалды.Бұл қасірет. ІІМ мұқият тергеу жасап,кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін", — деп жазды Тоқаев өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

​​Мал сатумен айналысатын үш бауыр 40 сиыр сату үшін Көксу ауданынан Алматыға қарай жолға шығып, жоғалып кеткен. Соңғы рет олар туыстарымен байланысқа 18 қыркүйекте шыққан. 21 қыркүйек күні мал тасыған бір, ал екі күн өткеннен кейін екінші көлік табылған. Көліктердің бірі өртенген. 24 қыркүйек күні үш ер адамның зорлықпен өлтіру белгілері бар жансыз денесі табылғандығы белгілі болды.

Тергеудің болжамынша, қылмыскерлер базарда жапа шегушілерге келіп, барлық малды көтерме бағамен сатып алуды ұсынған. Оларды алдап тау арасына алып шығып, сол жерде үшеуін де өлтірген. Мал мен мүрделерді алып келе жатқан кезде көліктері батпаққа тұрып қалған. Мұнан соң жергілікті тұрғындардан көмек сұраған. Қылмыс жасалған қару тәркіленді. Қылмыскерлер өз еркімен мүрделердің көмілген жерін көрсетуге ниет білдіріп, зардап шеккендердің мәйіттері көмілген жерді көрсеткен.

Жамбыл аудандық соты кісі өлтірді деген күдіктілерді екі айға қамауға алуға санкция берді. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі тергеу ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың жеке бақылауын алында.

Жаңалықтар
0