Қоғам

Бейсенбі күні Қазақстан территориясында жел тұрып, боран соғады деп күтіледі

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуЖел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер қар жауады деп болжайды. Қазақстанның бірнеше аймағындажел тұрып, боран соғады.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, негізінен қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар қалың түседі, елдің батысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарланды ҚР ІІД ТЖ жөніндегі Комитетінің сайтында.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді.

Боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды

Ақмола облысында кей жерлерде боран соғуы мүмкін, түнде кей жерлерде және күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, желдің екпіні 15-23 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде – желдің екпіні 15-22 м/с, боран соғады. Қостанай облысында боран соғуы ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Павлодар облысында кей жерлерде түнде – тұман, күндіз  - желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. 

Жаңалықтар
0