Қоғам

Радиоточка: жыл соңына дейін жұмыс істейміз

© Sputnik / Сергей КимБекжан Ыдырысов
Бекжан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Radiotochka.kz редакциясы бұрынғы бас редактор Бекжан Ыдырысовтың кетуіне байланысты Sputnik Қазақстан агенттігінің сұрақтарына жауап берді

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. "Радиоточка" АА бас редакторы Бекжан Ыдырысов Қазақстаннан құпия түрде кетіп қалды. Sputnik агенттігі басшысы жоқта басылымның қалай жұмыс істеп жатқаны туралы анықтады.

"Мен Қазақстаннан кеттім. Біржолата, деп үміттенемін. Бұл шешімді тез әрі өзім үшін ойламаған жерден қабылдадым…",  - деп жазды Ыдырысов.

Тамара Калеева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Калеева: Ғабдуллиннің ісі журналистика үшін қауіпті прецедентке айналуы мүмкін

Ыдырысовтың мәлімдемесіне сәйкес, оның кетуінің басты себебі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тарапынан жасалған қоқан-лоққы болған. 

Қазіргі уақытта "Радиоточка" өкілдерінің сөзіне сүйенсек, ғаламторлық басылым штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Sputnik Қазақстан агенттігінің сұрақтарына бас редактор қызметін атқарушы Евгения Сазонова жауап берді.

— Ыдырысов қалайша кетіп қалды?

— Ол Астанаға кеткен болатын, қарашаның соңында ресми түрде тергеуге шақырылды. Содан бері хабарласқан жоқ, редакцияға да келмеді.

Бекжан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Радиоточканың" бас редакторы: мен Қазақстаннан кеттім, біржолата деп үміттенемін

— Бекжан Ыдырысовтың жұмыстан кетуі басылым қызметіне қалай әсер етті?

— Редакция жұмысты жалғастыруда. Тілшілеріміздің барлығы дерлік қалды. Тақырыптар іздеп, мақалалар жазып жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін жұмыс істейміз.

— Ыдырысовтың қызметтен кетуін күтпедіңіздер ме?

— Егер адам алдын ала ескертпесе, кез келген қызметкер аяқ асты кетіп қалады деп ойламайсың. Адам жұмыстан кетемін деп шешкен екен – бұл оның өз құқығы, өз таңдауы.

— "Радиоточканың" болашағы қандай?

— Жобаны сақтауға тырысамыз, жұмысты жалғастырып, жаңа бірдеңе ойлап  табуға талпынамыз. 

Жаңалықтар
0