Қоғам

Астаналықтар Шахандағы апаттан зардап шеккендерге көмек жинап жатыр

© Sputnik Казахстаназық-түлік
азық-түлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық белсенділер Шахан елді мекенінде зардап шеккендерге киім-кешек пен азық түлік жинап жатыр.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Астана тұрғындары Қарағанды облысы Шахан кентінде опырылып түскен үйдің тұрғындарына көмек көрсете алады. 

Шахан кентінде үйдің опырылып түсуі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахандағы апат: оқ дәрі бөшкесіндегі өмір

"Ерлан Саиров мырза бастаған бір топ астаналық белсенді азамат Шаxтинскідегі апаттан зардап шеккендерге киім-кешек және бұзылмайтын азық-түлік жинау шарасын бастап жатыр. Қиын жағдайда қалған ағайынға көмектескісі келген астаналықтар 3 қаңтардан бастап, сағат 10:00-15:00 уақыт аралығында Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Белый ветер" дүкенінің сол жағындағы кіреберісте, 3-ші қабаттағы офиске заттарды өткізе алады. Есік ашық тұрады", — деп жазады  Facebook желісінің пайдаланушысы Ақберген Елгезек. 

Хабарламаға сәйкес, шара аптаның жұма күніне дейін жалғасып, жиналған дүние сенбі күні апат болған елді мекенге жөнелтіледі.

"Белый ветер" дүкені "Тұран" ресторанының жанында, "Раxмет" сауда үйінің қарама-қарсысында, Момышұлы атындағы көшенің бойында орналасқан.

Көрсетілген Байланыс телефондары: 87770411470; 87017074010

Төтенше жағдай 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды: Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби.

Қалалық әкімдіктің деректеріне сәйкес, апат кезінде үйде 118 тұрғын болған. Жарылыс салдарынан зарда шеккен зардап шеккен төртінші подъезде 30-ға жуық адам болған.  


Жаңалықтар
0