Қоғам

Елбасы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тіледі

АСТАНА, 7 қаң — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Православие христиандарын Рождествомен құттықтады деп хабарлайды Ақорда сайты.

Құттықтау сөзінде мемлекет басшысы, Рождество мейрамы әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны екендігін атап өтті.

"Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді", — делінген Елбасының құттықтау сөзінде.

Рождество Христово - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Рождество: "алғыс" алу үшін емес, өзгелердің игілігі үшін жақсылық жаса

Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткнедей, Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.

"Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рождество мерекесінде баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!", — деп тілек білдірді Елбасы.

Жаңалықтар
0