Қоғам

Астанадағы "7 континент" офистерінің иелері рейдерлік туралы мәлімдеме жасайды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұма, 20 қаңтар күні сағат 11.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Астанадағы "7 континент" БО кәсіпкерлерінің төңірегіндегі жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Елордалық бизнес орталығындағы коммерциялық бөлмелердің иелері рейдерлік басып алу туралы мәлімдеп отыр. 

Баспасөз мәслихатына тұрғын емес бөлмелердің  иелері, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысады. 

БАҚ өкілдері осы жағдайға қатысты барлық сұрақтарды қойып, "7 континент" БО коммерциялық бөлмелердің меншік иелері арасындағы сот процессі туралы толық ақпарат ала алады. 

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1.


Жаңалықтар
0