Қоғам

ҚР-да Наурыз мерекесіне қарай жаңа отандық телеарна пайда болады

© Photo : кинокомпания "Марс Медиа".фильм
фильм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Еларна" кино телеарнасы "Хабар" агенттігі базасында наурыз айында іске қосылады

АСТАНА, 7 ақп — Sputnik. Қазақстандық фильмдер мен сериалдарды көрсететін жаңа телеарна республикада наурыз айына қарай пайда болады деп хабарлады ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Аманат фильмі - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мұхамедиұлы: Қазақстан Қытайдың кино нарығына шықпақшы

"Наурыз мейрамына қарай "Хабар" агенттігі құрылымында "Еларна" атты жаңа кинотелеарнаны іске қосу жоспарланып отыр. Ресурс қазақстандық көркем және деректі фильмдерді, сондай-ақ телехикаяларды көрсететін болады", — деді Абаев үкімет отырысында.

Тура осындай атпен жұмыс істеген телеарна 2014 жылы наурыз айында жабылып, оның орнына "24.kz" жаңалықтар арнасы қызметін бастаған болатын. 

"Бұл ескі арна емес, жап-жаңа формат. Өте тамаша бренд болған соң, осы атауды сақтап қалдық. Бұл арнада тек отандық киноленталар мен деректі фильмдер, сериалдар көрсетілетін болады", — деді Абаев сейсенбі күні брифингте. 

Жаңалықтар
0