Қоғам

Елбасы қала әкімі қандай болуы керек екенін айтып берді

© SputnikВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала басшысы оның иесі болуы керек

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қала басшысының қандай болуы керектігін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент Исекешевке: мұндай жағдай Жақсыбеков кезінде де болмаған еді

"Қаланың жақсы мэрі жақсы басшы болуы керек. Ол таңғы бесте тұрып, орынбасарларымен бірге бүкіл қаланы аралап, қарап шығады да, сосын жұмысына келіп, "Президент келгенше дейін бәрін жуып, тазалап, ақтап қойыңдар" дейді", — деді Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевке Астана қаласының дамуы және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Президент Астана әкімі мұны жасамаса, ЭКСПО көрмесіне дейін өзі күнде таңертең қаланы аралайтынын айтты.

"ЭКСПО көрмесіне дейін мен өзім ерте шығып, бүкіл қаланы аралап шығамын да, сосын жұмысқа барамын", — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұл ескертудің барлық қала мен облыс орталықтарының басшыларына қатысты екенін атап өтті.

"Қала басшысы осы қаланың иесі болуы керек, оны жақсы көруі қажет", — деді Президент.

Жаңалықтар
0