Қоғам

Бүгін ЭКСПО аясындағы Ұлыбритания күні атап өтілуде

© Sputnik / Ксения ВоронинаЭКСПО көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының ашылуы
ЭКСПО көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының ашылуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО көрмесіндегі Ұлыбритания павильоны мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Елизавета ІІ патшайымның інісі, әлемдегі алғашқы ЭКСПО көрмесінің негізін қалаушы ханзада Альберттің ұрпағы, Жоғары Мәртебелі Глостер герцогі, ханзада Ричард ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ұлыбритания Ұлттық күнін салтанатты түрде ашты. 

"Бүгін Орта Азияда алғаш рет өткізіліп отырған ЭКСПО көрмесіне қатысқаныма қуаныштымын. Өздеріңізге белгілі, алғашқы ЭКСПО Ұлыбританияда 1851 жылы өткен болатын. Оның негізін қалаушы менің арғы атам ханзада Альберт болды. Көрмеге алты миллион адам қатысқан. Ол көрмеде факс-машина, дауыл болжағыш сияқты өнертабыстар алғаш рет ұсынылған еді. ЭКСПО еркін сауда мүлдем жоқ заманда жаңа экономикалық байланыстар құру мақсатында ұйымдастырлған болатын. Бұл дәстүрдің 21 ғасырда да жалғасын тауып жатқаны, әрине, қуантарлық жайт", — деді ханзада. 

ЭКСПО көрмесіндегі ұлттық күнді атап өту үшін ҚР бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов та келді. 

© Sputnik / Ксения ВоронинаЭКСПО көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының ашылуы
ЭКСПО көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының ашылуы - Sputnik Қазақстан
1/4
ЭКСПО көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының ашылуы

2/4

3/4

4/4

Мәдени бағдарлама аясында көрме кешені аумағында Лондон заманауи балет театрының қойылымдары, шотланд волынкаларының концерті өтеді. Ал Манчестер Университетінің графен туралы технологиялық шоуы бағдарламаның көркін одан сайын аша түспек.  

Бұдан бөлек, павильонға келушілерге арнап сән көрсетілімі, "Brassroots" джаз тобының концерті ұйымдастырылады, ал Гарри Поттер табынушылары ол туралы шытырман оқиғаларды қазақ және орыс тілдерінде тыңдайтын болады. 

Жаңалықтар
0