Қоғам

Діни қызмет туралы заң жобасы: Хиджабқа тыйым салына ма?

CC0 / Milan Permadi / Хиджаб
Хиджаб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін мәжіліс депутаттары діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қоғамдық орындарда хиджаб киюге тыйым салу қарастырылып отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қара жамылған әйелдер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қара жамылуға тыйым салатын заң жобасы мәжілісте мақұлданды

Бүгін мәжілісте діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатта дінді деструктивті мақсаттарға қолдануға жол бермеуге бағытталған түзетулер қарастырылған. Атап айтқанда, "деструктивті діни ағым" және "діни радикализм" деген жаңа ұғымдар енгізіледі. 

"Бұл ұғымдарды енгізу және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын, атрибуттары мен сыртқы белгілерін таратуға тыйым салу арқылы сырттан елімізге жат иделогияның енуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Жобада бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салу көзделген", — деді Кәлетаев. 

Оның айтуынша, заң қабылданғаннан кейін тиісті ережелер әзірленеді. Оны үш ведомство – ұлттық қауіпсіздік комитеті, дін істері және ішкі істер министрліктері дайындайды. 

"Тыйым салынатын атрибуттар мен сыртқы белгілердің тізімін дайындағанда діни бірлестіктер, сарапшылармен, діндарлармен ашық түрде талқылап, ақылдасып, келісетін боламыз", — деді ол. 

Бүгінгі заң жобасында тек бетті тұмшалап тұратын киімдерге тыйым салынған, мұның хиджабқа қатысы жоқ. 

"Тек адамның бет-әлпеті жабылмаса болды", — деді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Заң талаптарын бұзған адамдарға қатысты қылмыстық қудалау болмайды, оларға алдымен ескерту, егер қайталанса айыппұл салынады.

Жаңалықтар
0