Дерекқор

Көпбалалы отбасылар: мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар

© AP Photo / Maya AlleruzzoБала мен ана
Бала мен ана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға 16 160 теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы берілуі тиіс

Бала бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы

Отбасында төртінші бала дүниеге келген кезде бір реттік 159 075 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Төртінші және одан кейін туған балаға бір жасқа толғанға дейін ай сайын 22 473 теңге жәрдемақы беріледі.

Отбасындағы бала саны төрттен асса және құжаттары 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделсе, 10 504 теңге төленуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Астана әкімі көп балалы аналарға қандай уәде берді

"Алтын алқа" (жеті және одан да көп бала тәрбиелегені үшін беріледі) және "Күміс алқа" (алты бала туған аналарға беріледі) ордендері бар көп балалы аналар 16 160 теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады.

Астанада көпбалалы аналарға қандай көмек көрсетіледі

  • автобуста тегін жүреді;
  • 8 наурызда бір рет 6 313 теңге ақшалай көмек беріледі;
  • балалары астаналық ЖОО-ларда тегін білім алады (жан басына шаққандағы орташа табыс үш ең аз күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, 92 991 теңге).

Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қарастырылған көмек 

• коммуналдық қызметтерді төлеу үшін көмек. Төлемнің орташа көлемі 4-5 мың теңге;

• атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) — адам басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен азаматқа немесе отбасыға көрсетіледі (2019 жылдың І тоқсанында Астана қаласында 15 499 теңге көлемінде бекітілді .

Тағы оқыңыз: Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай көмек көрсетіледі

Соңғы 12 айда отбасының әрбір мүшесінің жиындық айлық табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылар тұрмыстық жағдайы төмен болып саналады (2019 жылы 29 689 теңге).

Бала бір жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы

  • міндетті әлеуметтік көмек жүйесінің мүшесі емес және балаға күтім жасайтын азаматтарға;
  • 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін дүниеге келген балаға күтім жасайтын тұлғаларға. Сондай-ақ, олар міндетті әлеуметтік көмек жүйесінің мүшесі болуы тиіс.

Жәрдемақыны алу үшін қайда бару керек

Жәрдемақыны алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО-ға) бару керек және мұны www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырады.

Бала күтіміне берілетін жәрдемақының мөлшері қанша (2019 жыл):

  • бірінші балаға — 5,76 АЕК — 14 544 теңге;
  • екінші балаға — 6,81 АЕК — 17 195 теңге;
  • үшінші балаға — 7,85 АЕК — 19 821 теңге;
  • төртінші және одан көп балаға — 8,90 АЕК — 22 473 теңге.

Тағы оқыңыз: 2019 жылы балаға қандай жәрдемақы беріледі

Жәрдемақыны алу үшін қандай құжаттар қажет

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына келесі құжаттарды ала бару керек:

  • бала туғаннан кейін жәрдемақы алу үшін жазылған өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжат, оралмандар үшін — оралман куәлігі;
  • баланың туу туралы куәлігі немесе туу туралы актінің жазбасы;
  • ұл баланы немесе қыз баланы қамқорлыққа алған болса растайтын құжат;
  • қызметті алушы ұсынған мәліметтер мен баланың туу туралы куәлігінде жазылған мәліметтер өзара сәйкес келмеген жағдайда некеге тұру (ажырасу) туралы куәлік;

Тағы оқыңыз: Мұғалімдер қандай жағдайда зейнетке 48 жасында шығады?

  • мекенжай анықтамасы;
  • құжатты тапсыру міндеті үшінші бір адамға жүктелген жағдайда сенімхат керек.

Жәрдемақы алу үшін онлайн өтінішті қалай қалдыруға болады

Жәрдемақыны тағайындау үшін төмендегілер қажет:

• электронды өтініш пен өтініш берушінің электронды-цифрлық қолтаңбасы;

• жәрдемақының тағайындалғаны туралы ақпарат алу үшін — электронды сұрау, электронды-цифрлық қолтаңба.

Дереккөз: Астана әкімдігінің сайты

Жаңалықтар
0